COVID-19АТЫРАУДА

Атырауда бір тәулікте 80 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 80 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 48 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 6 науқас, Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында  – 3, Құрманғазы ауданында- 4 науқас, Махамбет ауданында – 3 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 32 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 664 адам емделді.

Қазір 5 121 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 174, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 67, кардиоорталықта – 34, т/ж ауруханасында – 21 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 12, жатақханада – 71,
аудандық инфекциялық стационарларда – 191. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 234 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button