COVID-19Қазақстанда
Мектептерде жаппай екпе салынатыны рас па?
Танымал қазақстандық Telegram-чатта жаңа бір нормативтік-құқықтық акті туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, онда мектептерде балаларды ата-аналардың келісімінсіз COVID-19-ға қарсы егетіні туралы норма жазылған. Бұл жалған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай нормативтік-құқықтық акті туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды КВИ қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен ғана жүргізілетінін мәлімдеген болатын.