ШҰҒЫЛ: Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды

by Depti
2 views

Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласындағы емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, бұл – өңірде тіркеліп отырған бірінші оқиға.

  • Тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау – облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасымен жасанды вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін алдын алу шаралары жан-жақты жүргізілуде. Өңірдегі барлық екпе пункттерінде бейнебақылау камералары орнатылған. Медицина қызметкерлерімен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жасаған рейдтік шара кезінде белгілі болды. Бұл – тек жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет, – деді ол. 

Қазіргі таңда медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 31 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық әкімдігі мен прокуратурасымен бірлесіп Egov.kz ақпарат жүйесіне “Covid-19” вакцинасын алу туралы ақпаратты нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан 1981 ж.т., медициналық қызметкерді анықтап, ұстады. Кінәсін мойындаған күдікті, жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com