САРАПТАМА

Көлікте бірнеше күн жатып қалған Жаңаөзен тұрғынының мәйіті табылды

4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында Жаңаөзендегі сауда орталығының атвотұрағында тұрған  Toyota Camry автокөлігінен 44 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды LADA.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, мәйітті сауда ойын-сауық кешенінің күзетшілері тапқан. Олардың айтуынша, көлік бірнеше күн бойы сауда орталығы ғимаратының жанында тұрған.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жаңаөзен қалалық полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастаған. 

– Сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Айта кетейік, ер адамның денесінен зорлық-зомбылық ізі табылған жоқ,-  деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button