САРАПТАМА

МакГрегор кезекті жеңісіне жетті

АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobil Arena кешенінде  UFS246 турнирі аяқталды.  Кештің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты. Бес раундтық жекпе-жек басталысымен Конор МакГрегор қарсыласын ауыр соққының асына алды. Басына ауыр соққы алған Серроне құлап, МакГрегор осы сәтті пайдаланып партерде жекпе-жекті аяқтады. Осылайша кездесудің 40 секундында төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

МакГрегор спорттық мансабында 22-кездесуде жеңіс жетіп, америкалық фэйтер 14-ші рет жеңілді. Жеңіске жеткен МакГрегор үш миллион доллор гонорар алды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button