САРАПТАМА

Атырау Қазақстанның ең ақылды қалаларының бестігіне енді

Қазақстанның ең «ақылды» қалалары аталды. Өңірлерге жүргізетін цифрландыру жұмыстарын министрлік қызметкерлері бағалады. Зерттеуге 14 облыс орталығы мен Республикалық маңызы бар үш қала қатысты. Бағалау 11 түрлі бағыттан және 80 көрсеткіштерден тұратын «Ақылды қалалар» эталондық стандарты негізінде жүргізілді. Олар Денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, көлік, экология, әлеуметтік сала және басқа да сандық бастамаларға қатысты. Атап айтқанда, рейтингті құру кезінде әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруға, үйлерде «ақылды» есептеуіштердің болуына, тіркелген стартаптардың санына, зияткерлік көлік жүйелерін енгізуге, қоғамдық көлікті мониторингілеу үшін қосымшалардың қол жетімділігіне және т.б. назар аударылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button