САРАПТАМА

Тәртіп бұзған оқушылар ҰБТ-дан шеттетілді

2020 жылдың 16-20 қаңтарында Атырау  облысы бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу өтті.

«Ұлттық біріңғай тестілеу 5 пункт Атырау облысында шоғырланған: Атырау қаласы, Құлсары қаласы, Құрманғазы, Қызылқоға және Индер ауданында өткізілді. Барлығы 4346 оқушы қатысты. Атырау қаласы бойынша –26, Қызылқоға ауданында – 2, Жылой ауданында-13 оқушы тәртіп бұзғаны үшін тестілеуден шеттетілді» – депті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 2020 жылдан бастап ақылы негізде ЖОО түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button