Қазақстанда

Ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерге, ана тілге деген құрмет әрқашан жоғары болуы керек екенін айтты, – деп Ақорданың ресми сайты.

«Қазақ мемлекеті аман тұрғанда қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмау керек. Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр. Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді» depti Президент Ұлттық құрылтай отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, «баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек».

«Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр» деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол жақында әйгілі Apple компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосқанын айтты.

«Әлемнің 40 тілінде тарайтын Nicleodeon телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен National Geographic журналы 6 жылдан бері ана тілімізде жарық көріп жатыр. Осындай көптеген жағымды жаңалық бар. Сондықтан қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет» деді президент.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button