Күдікке ілінген күтуші әйел

by Depti
0 views

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық криминалдық полициясының қызметкерлері күтуші болып жұмыс істеген әйелді ақша ұрлады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отбасына күтуші болып жұмысқа орналасқан 31 жастағы әйел шкафта тұрған ақшаны байқап, жұмыс істеген бір ай ішінде қожайындарының жоқтығын пайдаланып, үнемі ұрлық жасап отырған. Осы аралықта ол барлығы 3000 АҚШ долларын ұрлап үлгерген. Бір күні үй иесі ақшаның жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқан.

“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде” depti Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Күдікті кінәсін мойындады. Қазір оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com