Қазақстанда

«Қайраттың» сапында екі «Месси» ойнайтын болады

«Қырғыз Мессиі» атанған Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы  Гүлжігіт Алықұлов алматылық «Қайратқа» ауысты, – депті Qsport.kz порталы.

19 жастағы Алықұловтың келісімшарты «2 + 1» сызбасына сәйкес жасалған. Яғни екі маусымнан кейін ұзарту нұсқасы қарастырылған. 2019 жылы ол «Неман» клубы үшін Беларуссия біріншілігінде 24 ойын өткізіп, 4 гол соққан.

Қырғызстандық футболшы бұдан бұрын өз еліндегі «Алға» және «Қара-Балта», сондай-ақ 2017 жылы түріктің «Антальяспор» клубында өнер көрсеткен. Спорттық мансабын «Дордой» мектебінде бастаған. Ол 2000 жылы туғандардан Қазақстан премьер-лигасына ауысқан алғашқы легионер.

2019 жылы «Қырғызстанның үздік футболшысы»  атағына ие болған Гүлжігіт Алықұловты Transfermarket порталы 400 мың еуроға бағалайды.

empqtddwwaaixnt 1
Қырғызстанның үздік футболшысы атанған сәті

Айта кетейік, «Қайрат» командасының сапында «қазақ Мессиі» деген атпен танымал Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді. Алматылық футбол клубы құрамындағы «Мессилердің» саны бойынша «Барселонаның» өзінен асып кетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button