Қазақстанда

Шулаған көршілерге салынатын айыппұл

Еліміздің заңы бойынша қазір түнгі сағат 11.00-ден бастап таңғы сағат 6.00-ге дейін көршілерге шулауға болмайды. Заңға сәйкес, тұрғын үйдегі шу түн кезінде 45 децибелден( кәдімгі адамдардың сөйлесу кезінде шығаратын дыбысы), ал күндіз ( музыканы колонкамен қосып, бар күшіне қойсаңыз)45-55 децибелден аспауы тиіс.Егер түнде көршілеріңіз қатты шуласа, полицейлерді шақырыңыз. Ал күндіз шуласа, «Ұлттық сараптама орталығы» мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жүгінгеніңіз жөн.

2019 жылы желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңда түнде шуылдағандарға 5 АЕК көлемінде (13 255 теңге), тағы да шуылдап қоймағандарға 10 АЕК көлемінде (26 510 теңге) айыппұл салынатындығы жазылған. Бұл айыппұл қарапайым азаматтар үшін.

Ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көптеу. Шағын және орта кәсіпкерлерге 20 АЕК көлемінде (53 020 теңге), қайта қайталағаны үшін 40 АЕК көлемінде (106 040 теңге) айыппұл салынады. Ал ірі кәсіпкерге мұндай жағдайда 100 АЕК (265 100 теңге), кейде 150 АЕК (397 650 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Күндіз тыныштық бұзған азаматтарға 30 АЕК көлемінде (79 530 теңге), шағын кәсіпкерлер мен бейкоммерциялық ұйымдарға 230 АЕК көлемінде (609 730 теңге), орта бизнес өкілдеріне 310 АЕК (821 810 теңге), ірі кәсіпкерлерге 1600 АЕК көлемінде (4 240 600 теңге) айыппұл салынады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button