УКРАИНАҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

by Depti
0 views

Димаш Құдайберген Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірді.

Әнші әр адамның өмір сүруге құқылы екенін еске салып, қантөгісті тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!” – деп жазба қалдырды Құдайберген желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Украина – Ресей қақтығысы салдарынан Қазақстанда нан қымбаттайтынын жаздық.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com