ШҰҒЫЛ: Жылыойда не болған?

by Depti
1 views

Жылыой ауданында орын алған өрт оқиғасы бойынша брифинг өткізілді.

2022 жылғы 2 наурызда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Жылыой ауданындағы “Nasar Solusion” ЖШС қалдықтарды басқару кешені аумағында орын алған өрт оқиғасы бойынша брифинг ұйымдастырылды.

Брифингке республикалық “Astana” телеарнасының, облыстық “Caspian News” және “Atyrau TV”телеарналарының өкілдері қатысты.

Спикер Департамент бастығының орынбасары полковник Ержанов Аскат Амангелдіұлы Жылыой ауданындағы жағдай бойынша,  2022 жылғы 1 наурызда  сағат 16.40-та «Nasar Solusion» ЖШС қалдықтарды басқару кешенінің аумағында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз ш/а мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін атап өтті.  Оқиға орнына жеткен кезде, кешендегі мұнай қалдықтары контейнерлерінің жануы болып жатырғаны анықталды.

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника және жеке құрамнан 23 адам (4 бірлік техника 17 бірлік ТШО ПАС қызметкері, 2 бірлік “COCR” ЖШС 6 қызметкері) жұмылдырылды.

Сағат 17:32-де оқиға орнына Атырау облысы ТЖД Жылыой ауданы ТЖБ,  №9 Өрт сөндіру бөлімінің және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 бірлік техникасы мен 12 қызметкері шықты. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен өрт орнына дейінгі қашықтық 90 км құрады.

18 сағат 58 минутта ТЖД күштері мен құралдарының өрт орнына жеткен кезде мұнай шламы бар 30 контейнер жанып жатқаны анықталды.

Өртенген аумақ болжаммен 2800 м2 құрайды.

Өрт 19 сағат 46 минутта оқшауланы, 20 сағат 30 минутта толықтай жойылды.
Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз қолдану.

Өрт салдарынан: 1 бірлік техника – жүк көтергіш (Car); 20 дана контейнер, алдын ала 70 дана пластмасса ыдыс (1 тонна), сондай-ақ алдын ала 60 дана металл бөшкелер (200 литр) жанып кетті.
Қалдықтарды басқару кешені “Nasar Solusion” ЖШС объектісі жоғары тәуекел дәрежесіне жатады және Департаменттің есебінде тұр.

2021 жылғы қыркүйек айында тексеру жүргізіліп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі  ережелері бойынша бұзушылықтар анықталды. Өрт-техникалық тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда аталған нысан 2022 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне енгізілетін болады”, – деп атап өтті А.Ержанов.

“Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com