АТЫРАУДАСАРАПТАМА

Атыраулықтар кіші футболды жақсырақ ойнайды

                       

 Биыл Атырау қаласында үлкен футболдан бөлек қала аттас кіші футбол командасы құрылған болатын. Бұл кәсіби футзалдың қаламызға араға көп жылдар салып оралуы. Құрамында жергілікті ойыншылардың үлесі басым команда Қазақстан премьер-лигасындағы жарысын бастап кетті.

Әп дегеннен аяқ алысы сәтті болып, өз алаңында өткізген 4 кездесудің барлығында жеңіске жетті. Желтоқсан айында Көкшетаулық «Оқжетпесті» қатарынан екі рет тізе бүктірсе, өткен демалыс күндері Оралдық «Бәйтеректен»  айласын асырды.

Облысымызда 70-тен астам әуесқой команда бірнеше лигаларға бөлініп, өзара бәсекеге түсуде.

P.S.  Кіші футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Чехия елінде әлем біріншілігіне іріктеу ойынддарын өткізуде. Өкінішке орай алғашқы кездесуінде Румыния құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Топтағы 4 команданың бірінші орын алғаны әлемдік доп додасына тікелей жолдама алса, кейінгісі плей-офф ойындарына қатысады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button