САРАПТАМА

40 адам қар құрсауында қала жаздады

Оқиға республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 605 шақырымында орын алды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайдың айтуынша, автобус сынып, 6 бала, 10 әйел адам мен өзге де жолаушылар таңға жуық жол бойында қалған. Жарақат алғандар жоқ.

«Жолаушыларды тасымалдайтын автобус Алматы-Ташкент бағытында қозғалған. Кезекшілік барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жолда қалған көлікті көріп, жолаушыларды Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылындағы мердігер ұйымның базасына жеткізді. Қазіргі таңда жолаушылардың барлығы базада, азық-түлік және демалыс орындарымен қамтамасыз етілген», – деп хабарлады.

Ал автобус болса әлі де күре жолдың бойында тұр. Мердігер ұйымның механиктері жөндеу жұмыстарына ат салысуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button