САРАПТАМА

Канадада қазақстандық студент қаза тапты

Ол жол апатынан мерт болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Студент Сентенниал колледжінде білім алған екен.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, оқиға 22 желтоқсан күні болған. Торонто қаласында Скарборо ауданында жүргізуші көлікті басқара алмай, жаяу жүргінші жолында өтіп бара жатқан үш студентті қағып кеткен. Нәтижесінде, екі студент қаза тауып, біреуінің жағдайы өте ауыр көрінеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button