САРАПТАМА

5 жасар қызын қылғындырып өлтірген әйел жындыханаға жіберілді

Шизофрения созылмалы психикалық дертпен науқастанатын 1983 жылғы Зәмзагүл Ермұханова өзінің үйінде 2013 жылғы қызы Айару Жұмағалимен бірге сабақ тапсырмаларын орындап отырған. Кейіннен қызы жатып, демала тұруды өтінген. Төргі бөлмеде төсекте жатқан кезде анасына еркелеп айтқан «емем» деген сөзін көтере алмай, Зәмзагүл қызын екі қолымен мойнынан қылғындырып өлтірген.

Сотталушының заңды өкілі, анасы Әсемгүл Жексенова қызының оғаш қылықтарын 17 жасында байқағанын, оған кезінде мән бермегенін айтты. Ермұханованың өз қызын қасақана өлтіргені заңды өкілі мен куәлердің сотта берген жауаптары, сараптама қорытындыларымен және іс құжаттарымен толық дәлелденді. Оның қылмысты есі дұрыс емес күйінде жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен Ермұханова ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 14-тармағында көзделген іс-әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаған деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған интенсивті бақылайтын мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button