САРАПТАМА

75 жастағы әже өзіне серік іздейді

Қазақстандық әже өзінің жалғыздықтан жабығып, жанына серік іздеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Қазақстан арнасының «Ниет» бағдарламасы. 

«Менің жасым 75-те, кеше туған күнім болды. Енді қасыма жақсы бір адам кездессе. Бір жақсы адам тауып беріңдерші. Жалғыздықтан әбден қажыдым. Бір жақсы шай ішіп, әңгімелесетін», – деп күлдірді әже жиналған қауымды. 

Әрі қарай ол өзінің Алматы қаласында жалғыз тұратынын айтты. Сондай-ақ, бұл ойына балаларының еш қарсы емес екенін жеткізді. 

«Жанымдағылар әрекет қылды, бірақ жаныма жақпады. Маған шай ішіп, әңгімелесіп, өзімді ұғатын жақсы адам болса деп едім. Бір жақсы адаммен құшақтасып, қыдырып, жақсы отырғанға не жетсін?! Шамамен өзімнің құрдасым болып қалса жарайтын еді», – деп тілегін білдірді қария. 

Бағдарлама қонақтары өз кезегінде әженің көтеріңкі көңіл-күйде әрі позитивті екеніне қайран қалғанын жарыса айтып жатты. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button