САРАПТАМА

Белгілі тележүргізуші қатерлі дертке шалдықты деген ақпарат тарауда

Әлеуметтік желілерде белгілі тележүргізуші, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек ауыр дертке шалдықты деген ақпарат тарауда.

Көпшілік жұрт «Бейсен Құранбек ағамызға Алладан шипа және амандық сұрайық!» деген фотосуреттерді жариялауда.

Телеарна директорының орынбасары Серік Әбікенұлы фейсбук парақшасында Бейсен Құранбектің шетелге барып, ем алып жүргенін айтты.

«Диагнозы толық нақтыланбаған, күдік көкейін мүжіген адамға «анау екен, мынау екен» деген қауесеттің қатты әсер ететінін ескерсеңіздер», – деп жазады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button