САРАПТАМА

9,5 келі бүйрек

Ұлыбританияның Басингсток қаласының тұрғынына Дэйв Уотлиден күрделі операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, 2002 жылы ер адамға поликистозды бүйрек ауруы диагнозы қойылған. Аурудың салдарынан бүйректе сұйықтық толтырылған қалташалар пайда болып, салмағы артқан. Нәтижесінде, дәрігерлер оның ағзасынан 9,5 келі бүйректі алып тастады. Алынған бүйректің салмағы ересек адамға сай нормадан 120 есе көп болған. Бұл жағдай Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Дэйв операциядан кейін өзін өте жеңіл сезінетінін айтқан. Қазіргі уақытта Гиннестің рекордтар кітабына тіркеу жүргізілуде.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button