САРАПТАМА

Атырауда жаңа үйлердің сапасы неге төмен?

Соңғы салынып жатқан үйлердің сапасына сын көп. Мәселен күні кеше берілген «Береке» ықшамауданынан салынған үйден шығып жатқан ақаулардың саны шексіз. «Нұрсая» ықшамауданы тұрғызылған уақыттан бастап, кемшіліктер бірінен соң бірі шығуда… Қақаған қыста терезесі қыраулап, мұз қатып жатыр.

Осы мәселеге байланысты: «Соңғы салынған тұрғын үйлердің сапасының төмендігі арнайы мамандардан кеткен қателік.  Соның  ішінде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасы  төмен. Анықталған ақауларға қатысты 5 лауазымды тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Тұрғын үйді көтеру барысында сапалы өнімдер пайдаланылып, тиісті құрылыс шарттары орындалмаған» – депті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменттің алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button