САРАПТАМА

9 айлық сәби әшекей бұйым жұтып қойған

Алматы облысындағы Іле ауданының дәрігерлері 9 айлық бүлдіршіннің асқазанынан әшекей бұйым алып шықты.

«Баланың өзі белгісіз затты жұтып қойғанын түсіндірген. Бұйым оның асқазанында 11 күн бойы жүрді. Ең бастысы ота сәтті жүзеге асты. Баланың жағдайы жақсы», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілінің мәліметінше, дәл осы Іле аудандық ауруханасының дәрігерлері екі ай бұрын 8 жастағы баланың ішінен 1,5 келі шаш алған.

Дереккөз: Inform.kz


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button