САРАПТАМА

Қазақстандық отбасы 5 литрлік құтыға миллионға жуық ақша жинаған

Қарағанды қаласының тұрғыны балаларының депозитіне 700 мың теңге қаражат салып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлерін таң қалдырды.

Отырар арнасының хабарлауынша, банк қызметкерлерінің назарын аударған жиналған ақша мөлшері емес, оның номиналы екен. Өйткені, клиент 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып, алып келген. Олар қаражаты жеті жыл бойы жинаған.

Ең қызығы монеталарды банкке әкелмес бұрын, отбасы мүшелері жинаған тиындарын төрт сағат бойы санаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button