АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АРНАЙЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛҒАН ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУДА

  Атырау облысында арнайы жиынға шақырылған 68 адам дезинфекциялау жұмыстарына, санитарлық посттарда қызмет етуге және қаланы патрульдеуге кірісіп кетті.

Жаттығудың алғашқы күнінде арнайы оқу-жиындарына келген жеке құрам әскери бөлімдер тізіміне енгізіліп, әскери мамандықтарына сәйкес лауазымдарға тағайындалды. Әскери қызметкерлер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс взводына, күзет взводына және госпиталь-медициналық бөлімшеге бөлінді. Қарулы Күштердің тәжірибелі офицерлерінің арасынан тағайындалған лауазымдық тұлғалар жеке құрамға қауіпсіздік жөніндегі сабақтарын ұйымдастырды және әскери қызметшілергі мүліктерін беріп, оларды қолдануға үйретіп, жеке міндеттерімен таныстырды.

РХБ взводында да атқарылатын тапсырмалар көп. Күн сайын олар қаланы дезинфекциялау үшін маңызды тапсырма алады. Таңертеңнен бастап олар қорғаныс шапандарын киіп, бүріккіш рюкзактармен және ыстық тұман генераторларымен қаруланып, тұрғын үйлердің, аулалар мен балалар аланың залалсыздандыруға шығады. Сонымен қатар, үлкен ашық алаңдарды залалсыздандыру үшін, әскерилер ГАЗ-52-04 автомобилінің шассиінде ДУК (Комаров дезинфекциялау құрылғысы) құрылғысын қолданады.

«Біз аулаларды залалсыздандыруға кірген кезде тұрғындары ұдайы бізді қуанышпен қарсы алады. Олар өз үйлерін сапалы дезинфекциялауды сұрайды. Алайда біз әр үйде өз жұмысымызды сапалы орындауға тырысамыз, себебі осында жүргеннің барлығымыз Атырау өңірінің тұрғындарымыз. Біздің жерлестеріміздің әрбір рақымы бізді ынталандырады, әр алғысы жігер береді», – дейді дезинфекцияда жүрген сарбаз Ержан Ділманов.

Кеш басталысымен атқыштар взводы өз міндеттерін орындауға кіріседі. Күн сайын 18.30-да олар қаланы патрульдеу алдында практикалық нұсқау алу үшін Атырау қаласының полиция бөліміне барады. Ол жерде олар жұпқа бөлініп, бір полиция қызметкеріне тапсырылады. Патрульдеу уақыты күнде сағат 19.00-ден 03.00-ге дейін. Тәжірибелі және жауапты взвод сержанты Бауыржан Чунгулов оларды қызмет орындары бойынша іріктеп-бөледі, кейін қосымша патрульдеу кезіндегі әрекеттердің алгоритмін түсіндіреді. Бауыржанның өзі де, бұрынғы келісімшарт бойынша әскери қызметшісі. Ол Ұлттық Ұлан қатарында да, Қорғаныс министрлігінің бөлімдерінде де қызмет еткен, сондықтан нұсқаулық пен қатаң тәртіп туралы көп біледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button