АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯСЫ ҚАЛАНЫ БІРЛЕСІП КҮЗЕТУДІ БАСТАДЫ

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірге COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларға тартылды. Олардың басты міндеті – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылау және қала тұрғындарының карантин ережелерін сақтауын қадағалау.
Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері мен әскери полиция бөлімінің және облыстық полиция Департаментнің бірлескен патрулі күн сайын таңғы 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жүргізіледі. Олар қоғамдық жерлерде бақылау жүргізіп, карантин режимінің ережелерін таныстырумен айналысады.
Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімінің қызметкерлері қалада күнделікті дезинфекция жүргізетін әскери техниканы ілестіріп жүруге және блок-посттарды бақылауға қатысады.
«Әскери қызметкерлер Қарулы күштердің әскери қызметшілерін карантиндік шараларға қатысудың негізгі мақсаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады, сонымен қоса әскери қызметшілер өздерінің орындап жатқан міндеттеріне түсіністікпен қарап, атқарылып жатқан жұмысқа қолдау көрсетулерін сұрайды», – depti «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз хатшысы Рүстем Игисинов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button