АТЫРАУДА

АТЫРАУДА СҮРІЛГЕН ҮЙДІҢ ИЕСІНЕ ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БЕРІЛДІ

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сүрілген коттедж иесіне 91 миллион теңге өтемақы берілді.

«Бірінші кезеңде Пушкин, Жангелдин, Байтұрсынов, Тайманов және Гагарин көшелерінің 18,1 га алаңында 262 үй бұзылуы тиіс. Ал, екінші кезеңде Исенов, Бейбарыс, Нысанбаев, Жансүгіров, Молдағұлова, Гагарин, Пушкин және Ырыс көшелерінде орналасқан, жалпы ауданы 17,6 га аумақтағы 300-ден астам үй мен өзге де нысандар сүріледі», – деді Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Атырау қаласының ескі бөлігіндегі үйлерді сүру жұмыстары 2017 жылы басталды. Қазір сүрілген үйлердің иелеріне өтемақы төленуде. Солардың арасында
0,054 га жер телімінде орналасқан 587 шаршы метрлік коттеджі бар тұрғынға 91 миллион теңге өтемақы берілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button