АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕКІ КҮН БОЙЫ АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫЛМАҚ

Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауы бойынша, сенбі, жексенбі күндері » Елнас», «Аламан» базарларында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.

«11 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Тайманов даңғылындағы «Елнас» базарында, 12 қыркүйек күні Атырау-2 ықшам ауданындағы, «Аламан» базарында Атырау қаласының тауар өндірушілерімен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Атырау облысы Бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес, короновирус инфекциясы таралуының алдын алу  мақсатында әлеуметтік ара қашықтықты және маскалық режимді сақтау сұралады» делінген хабарламада .

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button