АТЫРАУДАҚазақстандаСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН СОҢҒЫ 3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 «Олардың 3-еуі де Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам», – depti Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып,  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам анықталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button