АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУДА ЖАЛАҚЫНЫҢ «ЖЫРЫ» НАРАЗЫЛЫҚҚА ҰЛАСТЫ…

Металл конструкциясын және құбырлар дайындаумен айналысатын Caspian Contractors Trust мекемесінің 40-қа жуық қызметкері айлықтарын талап етіп кеңсе алдына жиналды.

Осы ССТ Компаниясында төрт жылдан бері жұмыс жасаймын. Мысалы осы төрт жылда ақша кешігу постоянно осы айдың басында не жылдың соңында кешігіп қалады постоянно. Ол кезде 50 мыңнан, 70 мыңнан аванс беріп тұрады. Ол ақшаны да мәз қылып тұрамыз ғой енді үйге алып барғанда да. Енді осында вообще аванс та жоқ , дым да жоқ например, — дейді жұмысшы Қайыржан Әжмағамбет. 

Жұмысшыларға сенсек, компания басшылығы бастапқыда «3-4 күн шыдаңдар» дегенмен, жақында «сендерге беретін ақша жоқ» ашығын айтыпты. Ақырында еңбек инспекциясына арыз жазудан басқа амалдары қалмапты.

Қызметкерлер жаңа тек келіп ұжымдық арыздарын тапсырды. Қазір тіркедік мекемеге. Енді қазір бұл мекемеге тексеру жүргізілетін болады. Тексеру жүргізіліп, тексеру барысында жалақы не үшін төленген жоқ барлығы анықталады. Енді мына жерде жұмыс берушінің кінәсі бар. Ол бойынша жауапкершілік болады. Жалпы біздер бүгін тек арыз қабылдадық. Бүгіннен бастап тексеру тағайындаймыз, — дейді Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы  Кемел Иманғалиев. 

Компания басшылығы журналистерге сұхбат бермек түгілі, ішке кіргізуден бас тартты. Бірақ, еңбек инспекциясының өкілдерімен тілдесіп, жағдайды түсіндірген көрінеді. Кемел Иманғалиевтің айтуынша, компанияда қаражат жоқ емес, бар. Бірақ, есепшоты бұғаттаулы. Қазіргі кезде соны ашуға жұмыстанып жатқан көрінеді. Жұмысшылардың мәселесін тездетіп шешу үшін инспекция тарапынан тиісті жұмыс жасалынбақ. Және олардың арызы да қаралып, он күн ішінде жауабы беріледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button