САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША 13 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

«2019 жылы Атырау облысының аумағында балық шаруашылығы саласында 2544 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға 13 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 6-ауы сотта қаралды, кінәлі адамдар жазаға тартылды. Балық қорғау заңнамасын бұзған 1424 құқық бұзушыға 26,4 млн теңге сомасында айыппұл салынды, оның ішінде 23,5 млн теңге немесе 89,1%-ымемлекет бюджетіне түсті. Заңсыз айналымнан 22,4 тонна балық, оның ішінде 616,3 кг бекіре тұқымдас балық, 4175 аулау құралы және 260 бірлік жүзу және көлік құралы алынды», – depti Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Рүстембек Куркутов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button