САРАПТАМА

Пиротехникаларды қайдан сатып алу керек?

Ерекше ықыласпен күтетін жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын дайындық күшеюде. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері, пиротехникалардан келетін қауіп және пайдалану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын бастады. Пиротехникаларды базардың кез келген бұрышынан сатып алмай, арнайы сертификаты бар жерлерден алуды ұсынады. Атырау облысы бойынша  «Пиротэкс-Атырау» және «Батыс Сервис»  мекемелерінің лицензиялары бар. Тексерістен өтпеген, брак пиротехникалар адамның өзіне қарай шарпуы мүмкін екендігін ескерген абзал. «Мереке кезінде пиротехникалық бұйымдарды қолдану барысында: салюттерді ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын, жабындар мен ағаштардың астында атуға және қатты желде пайдалануға жол берілмейді»- дейді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Блялов Рашид Бекетұлы.

Дереккөз: ATPress.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button