САРАПТАМА

Атырау қаласының 27 мектебінде ауыз су бұрқақтары орнатылды

   ДДСҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Атырау қаласындағы №34 мектеп базасында Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Атырау облысы білім беру және  Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының мамандарымен бірлесіп оқыту семинарын өткізді.

Семинарға облыстың  мектеп директорлары, емханалардың басшылары мен мектеп медбикелері қатысқан. 

index4

     “Семинар барысында 2019 жылда атқарған жұмыстар қорытындыланып, 2020 жылға мақсаттар қойылды. Сонымен қатар мектеп медицинасының сапасына қатысты сұрақтар талқыланды. Қазіргі уақытта жобаға Атырау облысының 38 мектебі қатысуда, 2020 жылға 18 мектепке енгізу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруда NCOC компаниясының демеушілігімен Атырау қаласының 27 мектебінде ауыз су бұрқақтары мен ауа рециркуляторлары орнатылды,” – депті Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Кабирова Балкенже Муслимқызы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button