ҚазақстандаСАРАПТАМА

Алматыда құлаған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

  Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты өкпе тромбоэмболиясынан қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, ол кісі 21 қаңтарда денсаулығы тұрақты жағдайда қалалық №4 ауруханадан шығарылған. Емхана дәрігерлерінің бақылауында болған.

“Кеше сағат 18.00-де жағдайы күрт нашарлады деген қоңырау келіп түсті. Жедел жәрдем тез арада келгенімен, науқастың жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық іс-шаралар нәтиже берген жоқ,” – депті емхана дәрігерлері.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы – Нұр-Сұлтан бағытына ұшу кезінде бетон қоршауды бұзып кетті. Екі қабатты ғимаратпен соқтығысу салдарынан болған әуе апатынан 12 адам қайтыс болған еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button