Қазақстанда

Қандаладан құтыламын деп көршісінің баласын өлтіріп алған

Ақтауда қандала улаймын деп жүріп көршісінің баласын өлтіріп алған келіншек екі жылға сотталды. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа шығып кеткен. Үйде қолдануға тыйым салынған таблеткалар туралы ешкімге ескертпеген екен. Бұл әрекеті абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды. Сот үкімі бүгінде заңды күшіне енді. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button