САРАПТАМА

АТЫРАУДА 200-ДЕЙ ДӘРІГЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

» 2019 жылы Атырау облысында 2 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылды. 2020 жылы 12 нысанның құрылыстары жүргізілуде, осы жылы іске қосу жоспарда.

«Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде бірнеше көрсеткіштер жақсарды.

Алайда, кейбір көрсеткіштерде өсім болып, нәресте өлімі мен ана өлімінің саны артты.

Денсаулық сақтау саласында бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе – дәрігерлердің жетіспеушілігі. Кадр жетіспеушілігі 2019 жылы 70 дәрігерді құрап отыр.

2019 жылы өңірге 130 маман келді: 123 – жас маман, 7 – тәжірибелі маман. Ауылдық жерлерге барған 21 маман 1 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтылды. Әлі де 200-дей маман жетіспеушілігі байқалады.

2017 жылы жоғары медициналық білім беру орындарына 35 грант,
2018 жылы 54 грант, 2019 жылы 108 грант бөлінді»,depti Атырау обблысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындармен өткен кездесуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button