САРАПТАМА

Дәрігердің салғырттығынан 8 жасар бала соқыр болып қалды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 8 жастағы Нұртас Балтабайға 7-інші рет жасалған отадан кейін баланың көзі көрмей қалған.

– Пациент біздің ауруханаға соқырішектің асқынған түрімен түскен болатын. Түскен кездегі диагнозы – жедел гангренозды аппендицит. Жедел оталау бөлімінде ота жасалды. Отадан кейін 3 тәулікте асқыну өршіген соң, яғни перитонит белгілерінің өршуіне байланысты қайта ота жасалды. Науқасқа облыс мамандарының кеңесі ұйымдастырылып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды , –  деп жауап берді Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Иябайұлы.

Сонымен қатар, ота жасаған дәрігер-хирургқа қатаң сөгіс жарияланып және ол өз еркімен жұмыстан босатылды.  

Дәрігерлер баланың жағдайын бақылауда ұстауға уәде берді. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button