АТЫРАУДАСАРАПТАМА

МАҚАТТЫҚ СТУДЕНТТЕР ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ВИНТОВКАДАН ОҚ АТУ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы Қарулы күштер ардагерлерімен бірлесе отырып Жеңістің 75-жылдығына орай облыстағы колледж студенттері арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша біріншілік өткізді.

Облыстық сайыс жеке және командалық есепте өтті. Қатысушы қыз жігіттер нысанаға 10 метр қашықтықтан тұрған және жатқан күйінде оқ атты. 13 рет атылған оқтың соңғы  10-ы есепке алынды.

Жарыс төмендегідей нәтиже берді:

I-II курстар бойынша;

1 орын: Мақат мұнай және газ технолгиялық колледжі;

2 орын: Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі;

3 орын: «АPEC Petro Technic» Жоғары колледжі.

III-IV курстар бойынша;

1 орын: «Болашақ» Атырау жоғары көпсалалы колледжі;

2 орын: Атырау индустриалды колледжі;

3 орын: Мақат мұнай және газ технолгиялық колледжі

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button