АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНА ШАЛДЫҚҚАН 71-ШІ АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

«Науқас 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», – деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған ер адам инфекциондық стационарға жатқызылды. Қазіргі таңда қауіпті дертке шалдыққан емделушімен тығыз қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланды.

 Вирус ошағы зарарсыздандырылды.​ Науқасқа бекітілген бірегей хаттама бойынша ем-шара тағайындалды.​

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Covid-19 қауіпті вирусына шалдыққан атыраулықтар саны ​ 71 адамға жетіп отыр. Коронавирустан Атырауда ​ 15 адам жазылып шықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button