АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАЗАРЛАРЫ ЖҰМЫСТАРЫН УАҚЫТША ТОҚТАТАДЫ

«Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады», –  деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар режимін қалыптастыру жөніндегі штабы.​

Еске сала кетелік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына толықтырулар енгізілді. Құжаттағы толықтыруға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындарды жабуға шешім шығарылып отыр.​

«Бөлшек сауда дүкендерін қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда нысандарынан басқа, жәрмеңкелердің, азық-түлік тауарларының және халық көп жиналатын өзге де нысандардың жұмысы тоқтатылсын» делінген толықтыруда.​

Әмбебап маркеттер мен азық-түлік дүкендерінің жұмысы белгіленген кестеге сәйкес (таңғы сағат ​ 9:00 бен кешкі сағат 20:00 аралығында) жалғасады.​

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button