АТЫРАУДАСАРАПТАМА

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КІМДЕРГЕ ЖЕКЕ АВТОКӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ?

  Жеке көлікті қызметін жалғастыруға рұқсат берілген ұйым қызметкерлері ғана пайдалана алады.​

«Жұмыс комиссиясы жеке автокөліктерді бекітілген уақыт аралығында ғана пайдалануға рұқсат беріп отыр», – деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.​

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына толықтырулар енгізілді.​

Құжатқа сәйкес, жұмыс комиссиясымен карантин кезінде қызметін жалғастыруға шешім қабылданған ұйым қызметкерлеріне жеке автокөлікті таңертеңгілік уақыт жұмыс орнына баруға және кешкісін үйге қайту мақсатында​ ғана қолдануға​ рұқсат беріледі.

«Жұмыс комиссиясымен карантин кезінде қызметін жалғастыруға рұқсат берілген ұйым қызметкерлеріне қала, аудан ішінде қызметтік көлікпен тасымалдауға мүмкіндік болмаған жағдайда, жеке автокөлікті таңғы сағат 6.00 – 9.00 аралығында және кешкілік 17.00 – 20.00 аралығында ​ пайдалануға рұқсат берілсін» делінген Қаулыға енгізілген толықтыруда.​ Ескерерлігі, жеке көлік иелері өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама құжатын алып жүруі ​ керек.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button