САРАПТАМА
Балаларға жасалған қылмыс: Екіжақты мәмілеге келу жойылды
Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев балаларды зорлау, қорлау фактілерін болдырмау мақсатында мемлекет қабылдаған заңдағы өзгерістер туралы айтты.
«Ең бірінші өзгеріс – екіжақты мәмілеге келу түбегейлі жойылды. Екіншіден, мұндай қылмыс – аса ауыр қылмыс түріне жатқызылды. Алдағы уақытта балаларға жасалған қылмысы үшін 14 жыл бас бостандығынан айырып, немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады» – депті Премьер-министр.
Енді барлық мектептердің қауіпсізідігі күшейіп, мектеп инспекторларының саны артады.