АТЫРАУДАСАРАПТАМА

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНДА БИЫЛДЫҚҚА ӨНДІРІЛГЕН МҰНАЙДЫҢ 69%-Ы ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

  Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры Дәурен Қарабаевтың Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында онлайн-брифингі өтті. Брифингтің  тақырыбы: «ҚазМұнайГаздың» 2020 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысы және  нарықтағы жағдайдың компанияға ықпалы» болды деп хабарлайды аталған компанияның баспасөз қызметі.

Брифингтің негізгі тезистері.

Өндірістік көрсеткіштер:

– Мұнай және газ конденсатын өндіру деңгейі 5,9 млн тоннаны құрады.

– Өндірілген мұнайдың 4 млн тоннаға жуығы немесе 69%-ы экспортқа шығарылды.

– Қазақтеңізкөлікфлотының теңізбен тасымалдау көлемін және Каспий Құбыр Консорциумындағы ҚМГ үлесін қоса алғанда, магистралды құбырлар бойынша мұнай тасымалдау көлемі 18,5 млн тонна деңгейінде болды.

– Газ тасымалдау көлемі 9,4%-ға ұлғайып, 28,3 млрд текше метрге жетті.

– Бірінші тоқсанда отандық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 3,3 миллион тоннаны құрап, өткен жылдың деңгейінен шамалы ғана жоғары болды.

– Зауыттардың жүктемесі азайды. Қазіргі кезде АМӨЗ ең жоғары ықтимал жүктемесінен 87%-ға, Шымкент зауыты – 61% жұмыс істеп тұр.

Қаржы көрсеткіштері:

– 2019 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда түсім 21%-ға 1,7 трлн теңгеден 1,4 трлн теңгеге дейін қысқарды.

– Нәтижесінде, шоғырландырылған таза пайда 309 млрд теңгеден бағалау бойынша 100 млрд теңгеге дейін азайды.

– Кейбір еншілес және тәуелді кәсіпорындар шығынға батты.

– Біздің кәсіпорындар үшін мұнайдың шығынсыз бағасы мұнай өндіруші еншілес компанияларда 10-нан бастап 36 доллар арасында. Қазір біз шығындарды азайту есебінен бұл деңгейді төмендету бойынша жұмыс жасап жатырмыз.

– Бірінші тоқсанның нәтижелері «ҚазМұнайГаз» көрсеткіштеріне мұнай бағасы құлдырауының теріс ықпалын әлі толық көрсетпейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button