ЖОМАРТ ЖАНДАР АРАМЫЗДА ЖҮР…

by Depti
0 views

Қазіргі таңда далада қаңғып,панасыз жүрген адамдарды көп көреміз…

Бірі қайыр тілеп алақан жайса,бірі ащы суға сылқия тойып алып жүретінін көргіміз келмесе де амал жоқ,көрер көз бен естір құлақ берген соң көреміз.Өмірдің қиындығы кей адамды талпындырса,кей адамды құлататыны анық.

Ауылдық жерде тұрғандықтан ондай қайыр тілеп ,қол жайған адам жоқ,Аллаға шүкір.Бірақ қалаға барған кезде,көп байқаймын.Өтіп бара жатып жайылған алақанды көріп ойыңа неше түрлі сұрақ келеді.Мына кісі бұл ақшаға жынның суын ала ма,әлде нан алып жер ме екен?деп ойланасың.Қалтаңда соңғы теңгең болса да бергің келіп ,жүрек шіркін жібіп тұрады.

Өкінішке орай қоғамда ондай адамдар жетерлік.

Тағы айта кететін жағдай,қазір бәріңіз білетіндей әлеу желі қарқынды даму үстінде.Ашып қалсаң мүгедек бала,көмек сұрап зар жылаған анадан көз ашпайсың.Сондай жазбаларды көріп еріксіз көзге жас алып,мына заман не болып барады деп ойлайсың?!Тағдырдың тауқыметі кім-кімді де айналып өтпеген…Әрбір адамның басында мәселе жетерлік.Бірақ бір емес бірнеше баланы тастап ,отбасынан безген еркек пен әйелдің дерті қоғамның таңбасы,заманның ба,адамның ба азғаны?Неше түрлі бұрын соңды көріп естімеген ауруларда көбеюде.

Осындай адамдардың өмірін көріп,көмектесіп ,жанұшыра жүгіріп жүрген бауырларымыз да аз емес.Қайырымдылық жасап ,бата мен алғыс алып жүрген жастарымыз көп.Бұл әрине қуантарлық.Қазір әлеу желі дамып дүркіреп тұрғандықтан ,ақша жинап,көмек жасау ,баспана алып беру артуда.Тіпті елімізде көптеп қайырымдылық қорлар ашылып,талай жанның қуанышына ,алғысына кенелуде.Мұның барлығы еліміз тәуелсіздік алып,орыс үкіметінен босап,өзіміздің Ислам дініміз жүректен ойып тұрып орын алуынан деп білемін.

Жақсының бәрі иманнан,

Білім мен ақыл жиғаннан

Өзінің емес өзгенің

Өмірін сабақ қылғаннан.

Ақнұр Дүйсенғали,

Х.Досмұхамедов атынағы университетінің,жуналистика мамандығының 3-курс студенті

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com