САРАПТАМА

Елімізде фармацевтикалық өнім жасайтын зауыт ашылды

Өндіріс орны несеп құрамын зерттейтін тест жолақтарының 14 түрін шығарады. Мұндай медициналық препарат жүктілікті, жүрек-қан тамырлары, бүйрек аурулары, қант диабеті және басқа да сырқаттарды анықтау үшін емдеу мекемелерінде кеңінен қолданылады. Әрі дәрігерлерге науқастардың диагнозын дәл қоюға мүмкіндік береді. Отандық өнім шетелдік тауардан екі есе арзан болмақ. Инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып отыр. Оңтүстіккореялық қондырғылармен жабдықталған мекемеде 50 адам жұмыс істейді. Айдын Иманбеков, зауыт директоры: – Жылына 1 млн дана тест упаковка шығарамыз. Бұл жобаның жалпы құны 800 млн теңге. Ол құрылысқа қондырғыларға жұмсалды. Ал жалпы млрд теңге инвестиция тартылды.

Дереккөз: 24.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button