АТЫРАУДАҚазақстандаСАРАПТАМА

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН МЕДБИКЕ 27 АДАММЕН БАЙЛАНЫСЫП ҮЛГЕРГЕН

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бесінші науқас қалалық емхананың қызметкері, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Белгілі болғандай, медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыздан анализге қан алған. Медицина маманына жасалған тесттің қорытындысы бойынша, одан коронавирус инфекциясы табылды.

«Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды», – делінген ақпаратта.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button