АТЫРАУДА

БІЛІМ САЛАСЫ: ДУШ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ДЕМАЛЫСТЫ КҮТІҢІЗ!

 «Атырау  – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жатақханасына жүргізген мониторинг барысында көптеген тәртіп бұзушылықтарды анықтаған. Соның ішінде ерекше назарға іліккен мәселе су процедураларын аптасына бір рет қабылдауға рұқсат етілгендігі.

«Душ қабылдау үшін демалыс күту, бұл жерде тұратын балаларға қатысты өрескел құқық бұзушылық» – depti Атырау Адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің жетекшісі Альфия Адиева.

Бұдан басқа кейбір бөлмелерде перде болмаған, ілгіш дәретхана керек жарақтары жетіспейтіндігі анықталып,оқу орындарының  басшылығына бірінші кезекте студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартуға қатысты тиісті ұсыныстар берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button