АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ЖҰБАЙЛАР ИНСТАГРАММЕН ТАНЫСЫП, ОНЛАЙН ТҮРДЕ НЕКЕ КУӘЛІГІН АЛДЫ

Атырауда тағы бір жас шаңырақ заңды құжаттарына қол жеткізді.

«Бұған дейін ҚР электронды үкімет порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен «онлайн некеге» тапсырыс берген жас отбасы Саламат Алтынбеков пен Айнұр Сәбитова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Мақат аудандық ХҚО-ға келіп, АХАТ мамандарынан неке куәлігін алды», –  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Бір қызығы – өмірлері цифрлық жаңашылдықпен басталған екі жастың таныстықтары да инстаграм әлеуметтік желісінен бастау алған екен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button