АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТАЙБОКСШЫ INTERNATIONAL CHAMPION БЕЛДІГІН ҰТЫП АЛДЫ

Ишан Галиев кәсіпқой муайтайда алтыншы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, 2 наурыз күні Тайланд елінде Ишан жергілікті спортшымен қолғап түйістірді. Ол қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, «International Champion» белдігін ұтып алды.

«Бұл атыраулық спортшының кәсіпқой аренадағы алтыншы жекпе-жегі. Алтауында да уақытынан бұрын ұтып отыр. Қазіргі уақытта ол Тайланд елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде», – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қыметі.

Айта кету керек, Ищан Галиев әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button