АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 14 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСҚА ТАҒЫ ДА ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАЛДЫ

Атырауда кондукторсыз жүретін автобустарда жолаушылардың төлем жасамайтындығы анықталған. Орын алған жағдайды шешу мақсатында «Смарт-Атырау» КММ-сі жаңа пилоттық жобаны ұсынды.

«Атырау қаласының қоғамдық көлігінде жолаушыларды отырғызу және түсіру бойынша жаңа ережені ұсындық. Яғни Жолаушыларды алдыңғы есіктен отырғызып, артқы есіктен шығарамыз. Ортаңғы есік арқылы мүмкіндігі шектеулі және арбасы бар жолаушылар пайдалана алады. Алғашқы пилоттық жобаны 14 бағыттағы автобусқа енгіздік» – depti «Смарт -Атырау» КММ-сі басшысының орынбасары Рүстем Ерниязов.

Егер бұл пилоттық жоба халықтың қолдауын тапса, толықтай қолданысқа енеді.

Айта кету керек, мұндай ережені әзірге Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктер қолданады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button