САРАПТАМА

Қоқыс полигоны жайылымдағы малды қырып жатыр

– Осы полигоннан қоқыс жеп қырылып қалған сиырымды сол күйі таппадым. Әлдеқашан қоршаусыз жатқан қоқыс полигонының астына көміліп қалды, – депті, Бірлік ықшам ауданының тұрғыны Болатжан Оспанов. 

Атырау қаласының Бірлік ықшам ауданынан бар-жоғы жарты шақырым жерде орналасқан қоқыс полигоны тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.  Жайылымдағы мал қоқысты жеп, уланып қырылса, өздігінен тұтанатын биогаздардан өрт шығып ел ығырын шығаруда. Жергілікті халық қанша шағымданса да, не әкімдік, не нысанды сенімді басқаруға алған кәсіпкердің бұл мәселені шешуге құлқы жоқ.

– Дау тудырған полигон Доссор кентінің аумағына енбегендіктен облыстық ТКШ тиесілі. Полигон жеке кәсіпкер Қабыловтың жауапкершілігіне тапсырылған. Бұл мәселе бойынша Облыс әкімдігі нақты тапсырмалар берді, – депті Доссор кентінің әкімі Асылбек Әбілғазиев.

– Қоқыс полигонына қоршауды қай уақытта салатынымызды нақты айта алмаймыз. Себебі ТКШ берген тапсырмасы бойынша Бәйгетөбе ауылындағы полигонның қоршауын аяқтауымыз керек. Бұл бір ай уақытты алады,- депті, кәсіпкер Бақтыбай Қабылов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button